Президент Жолдауында жастар тақырыбына ерекше назар аударылды. Бұл – ел болашағының кімнің қолында екенін ашық әрі нақты көрсеткен маңызды қадам. Жастарды қолдау – жай ұран емес, нақты іске айналып келе жатқан мемлекеттік саясат.
Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмысқа орналасуына қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларын дамыту бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, ауыл жастарына арналған жаңа мүмкіндіктерді кеңейту, цифрлық дағдыларды меңгерту, шетелде емес, өз елінде дамуға жағдай жасау – басты мақсат болып отыр.
Жастар – қоғамдағы ең белсенді әрі жаңашыл күш. Олардың тың идеялары, заманауи ойлауы мен батылдығы ел дамуына серпін береді. Сондықтан мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаулар – болашаққа жасалған инвестиция. Әсіресе, жас мамандарды қолдау бағдарламалары, гранттар мен жеңілдетілген несие түріндегі жобалар жастардың өз қабілетін толық ашуына мүмкіндік береді.
«Жастар – бүгінгі емес, бүгіннен басталатын ертең» деген сөз бекер айтылмаған. Елдің болашағы білімді де білікті, еңбекқор әрі отансүйгіш жас ұрпақтың қолында. Оларды қолдау – ұлттың өз болашағына жасаған ең үлкен қызметі.
Л.Мұратбекова