Жас боксшылар – жеңіс жолында

Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның айғағы – жасөспірімдердің облыстық, республикалық деңгейдегі додаларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуі.

Исатай ауданы боксының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі төреші, спорт шебері Асылбек Орынғалиұлы Чунышқалиевты еске алуға арналған бокстан 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Атырау облысының чемпио­наты өтті.

Бұл додаға Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді. 66 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Нұрберген Жұбанышәлі финалға дейін жетіп, күміс медальға ие болды. Сондай-ақ, Саян Ерсайын, Азат Серік және Азмұқан Қуангерей өз салмақ дәрежелерінде үздік өнер көрсетіп, қола жүлдені қанжығалады.

Жас спортшыларды додаға дайындаған жаттықтырушылар – Қалмұрат Торбаев, Жәнібек Қапуанов, Мирлан Қайрош және Ерасылан Естаев. Бұл жетістіктер ауданымызда бокс спортын дамытуға жасалған жүйелі еңбектің жемісі екені сөзсіз.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT