Жарқын бастамалар жаршысы ауданда жастар жылының ашылуы өтті

Елбасының Жарлығымен қабылданған 2019 жыл Жастар жылының ауданымызда ашылуына арналған айтулы шарасын ауданның белсенді жастары дүйсенбіде дүбірлетіп өткізді.

Оған аудан əкімінің орынбасары Светлана Аманшиева мен облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан және аудан және оған қарасты ауылдық округтерден 250-ге жуық жастар қатысты.

Тегін білім, ғылымға бет бұру, кəсіпкерлікпен айналысу, креативті идеяларымен бөлісіп, оны жүзеге асыру - бүгінгі жастарға мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндіктер. Осыншама мүмкіндіктерді қалт жібермей, оңтайлы пайдалану озық ойлы жастарымыздың қолында.

Сейілбек Зұлқашев, "Махамбет аудандық ветеринариялық стансасы" КМК директоры:

-Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев:"Жастарды ауылшаруашылығымен айналысуға қызықтыра білу қажет. Дамыған елдерде бұл бағыт жоғары өнімді əрі инновациялық салалардың бірі саналады. Онда цифрлық технологиялар мен роботтандырылған кешендер белсенді қолданылады. Ауыл шаруашылығы роботтандыру, ақпараттандыру жəне іріктеу бағытында дамиды" деген болатын. Бұл бағытта мен сіздердің назарыңызға "Қой жүнін өңдеу" тақырыбындағы жобамды ұсынбақпын.

Жастар жылының ашылуы туралы мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №9 28 ақпандағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT