Жаңа оқу жылы басталуына байланысты ағымдағы жылдың 9-13 қыркүйек аралығында аудан көлемінде «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – оқу жылына байланысты балалардың оқумен қамтылуы, «Жайсыз отбасы» санатындағы тәрбиеленушілердің құқығын қорғау, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын таңдауға қалыптастыру.
Д.РАСУЛИЕВ,
Жергілікті полиция бөлімінің бастығы,
полиция майоры