Жан жылуын аямаған

Жастарға ұдайы көмектесіп, ұжымға сіңісіп, әр мекеме-ұйымның тыныс-тіршілігімен танысып, сыйластық қарым-қатынасына жол ашып, жеке тұлғаның көзқарасын анықтап, жастардың мәдениетін көтеруге атсалысса, артық етпес еді.

Әр жас маман өзін-өзі тәрбиелеп, ортаға бейімділіктерін дамытып, рухани адамгершілік жан-дүниесін қалыптастырып, шабыт, мотивация бере отырып, қабілет-қарымын, өнерін зерделегені дұрыс. Сондай бір тағылымды шара Сарайшық ауылында өткен еді.

Жас маман-жұлдызды әлем

Жастар жылына байланысты Сарайшық ауылындағы «Керуен сарай» мейрамханасында «Жас маман-жұлдызды әлем» атты жас мамандармен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Оған №1, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, облыстық мүгедектерді сауықтыру орталықтарынан жас мамандар, «Бибі-саз» қоғамдық бірлестігінен, аудандық Жастар ресурстық орталығынан мамандар келіп қатысып, өз ой-толғамдарын ортаға салды. Кездесу кешін №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Н.Жексенова ашып, облыста бес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы барын, оның бесіншісі оңалту орталығы екенін, бұл кездесу жұмыстары қанша қиын болса да, жас мамандар бір-бірімен танысып, тәжірибе алмассын деген мақсаттан туындағанын айтып, кештің мазмұнды өтуіне тілектестік білдірді. Аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Б.Сегізбаев ауданда 7667 жас есепте тұратынын айтып, олармен түрлі шаралар, кездесулер, кештер жаңа форматта өткізілетінін айтып, жастар жылында кешке қатысып отырған жас мамандарға сәттілік тіледі. Әр саланың мамандары өздерін қысқаша таныстырып, кеш одан әрі жобалар мен қызықты ойындарға ұласты.

Материалдың толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT