1000 түп тал егілді

Өткен аптада еліміз бойынша бүкілқазақстандық ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылып, одан махамбеттіктер де шет қалмады.

Игілікті шараға аудандағы жетпістен аса мекеме-ұйымдардың қызметкерлері көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Оның ішінде «Жасыл белдеулерге», Ардагерлер алеясына, «Жастар», «Тәуелсіздік» алаңының, Сарытоғай ауылының ардагерлер саябақтарына барлығы 1000 түп тал қара ағаш отырғызылды. Сондай –ақ, ЖК «Гумаров Қ.» мен «Тұрмыс-Қызмет» ЖШС-нің су таситын автокөліктері жұмылдырылды.

Көгалдандыру жұмыстарын бір күндік іске санағандықтан ба, бізде ағаштарды жаппай отырғызу бар да, оларды күту, қорғау, суару, баптау секілді жұмыстары кемшін қалып жатады. Бүгін екен талың күтімсіз қалып ертеңгі күні жайқалып жапырағын жаймаса түбі кесілері анық. Бұл көгалдандыру жұмыстарына бөлінген қаражатты желге ұышрғанмен тең емес пе? «Бір тал кессең, он тал ек» деген ата-бабамыз. Ауасымен тыныстап өмір сүріп жатқан туған мекеннің тазалығын сақтап, тал-терегінің жайқалуына үлес қосу әрбір адам үшін азаматтық парыз әрі сауапты іс саналады. Өз қолымызбен отырғызған жасыл желектерімізді баптау жұмыстары бақылауда болса, сауапты іс толық орындалған болар еді.

Б.Мәлікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT