Жалғансайлық Дархан Қабижан «Жігіт сұлтаны – 2023» атанды

Батыр баба Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай аудандық «Жігіт сұлтаны – 2023» сайысы өтті. Оған сегіз қырлы, бір сырлы, «сен тұр, мен атайын» деген 8 жігіт қатысып, өз ауылының намысын қорғады.

Сайыс «Тегімді менің сұрасаң», «Жігітке жеті өнер де аз», «Білімді мыңды жығар», «Кіл мықтыдан кім мықты?» және «Нысан» деп аталған 5 кезеңнен тұрды. Жігіттердің өнеріне аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Қайырғалиев, «Өнерпаз» мәдениет үйінің басшысы Е.Идрисов, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Н.Аятов әділ бағасын берді.

Білекті де жүректі, ер тұлғалы, өр намысты, сөзі мірдің оғындай жігіттердің арасынан суырылып алға шығып, барлық кезеңде жоғары деңгейде өнер көрсеткен жалғансайлық Дархан Қабижан бас жүлдені қанжығасына байлап, «Жігіт сұлтаны – 2023» атанды.

Ақжайықтық Нұрбол Хамзин бірінші орынды жеңіп алса, махамбеттік Асылхан Насимов екінші, бейбарыстық Нұрлан Сұпығалиев үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521