Жалғансайлықтарға қолдау білдірген жомарт жан кім?⠀ ⠀

Ел өмірінде орын алған жағдайды ескере отырып Жалғансай ауылында Атырау облысы бойынша және Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы А.Ұтысханұлы және Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «SolarA.kz Construction company»  ЖШС директоры Ә.Б.Жолмұханова келіп аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін табыстады.

Тәуелсіздігімізге, тұтастығымызға қатер төнгенде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал, парасатты ақыл, қайрат-жігерінің арқасында ата-бабамыздың аңсаған азаттық туын уысымыздан шығармай ұстап қалдық.

Ел басына іс түскен шақта біздің қуат-күшіміз мызғымас бірлікте екендігі айқын көрінді. Біздің күшіміз бірлікте! - дейді Жалғансай ауылдық округі әкіміҒибрат Мырзағали.

Айта кету керек, қайырымдылық шара «SolarА.kz» және «Sultan Palace Hotel» компаниялар тобының директоры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әсел Жолмұханованың демеушілігімен ұйымдастырылды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521