«Жалған терроризммен айналысу салдары»

Бүкіл жер шарына уытын таратып отырған терроризм қауіпі құқық қорғау органдарынан, барлық тұрғындар тарапынан аса сақтықты талап етеді.

Мемлекеттік органдар терроризм белгілерімен күрес жүргізіп жатқанда тағы бір қауіп-жалған терроризм пайда болды.

Құқық қорғау және арнайы органдар терроризм актілерін анықтаумен және алдын алумен қатар,жалған террористермен де күрес жүргізуде.

Тәжірибе көрсеткендей, жалған террористер көбінесе салынған жарылғыш құралдар туралы жалған хабарлап, өздерінің жеке және қызметтік проблемалардың қысымыменжауапкершіліксіздікке бой алдырған тұлғалар.

Бірақ олар өздерінің әрекеті үшін қылмыстықжауапкершіліктің қатал екендігін сезінбейді.

Осы әрекет үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бұл ретте, кез келген адамға жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған ақпарат бергені үшінмемлекетке келтірілген шығынды орнына қайтаружауапкершілігі жүктеледі.

Терроризм актілері туралы біле тұра жалған хабарламалар жасағаны үшін жазадан құтылмайтындығын прокуратура органдары ескертеді.

Қазіргі заманауи технологиялардың ерекше дамыған уақытында терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамды анықтау, осыған ұқсас қылмыстарды ашу құқық қорғау және арнайы органдар үшін ешқандай қиындық тудырмайды.

Осыған орай, азаматтарды аталған қылмыстан немесе осындай қылмыстық әрекеттерге итермелеушілерден аулақ болып, хабарланатыны белгілі болған жағдайда, тез арада «102» желісі арқылы хабарлауға шақырамыз!

 

Махамбет ауданының прокуратурасы ИС «Қадағалау»

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521