Бүгін Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» қоғамдық –саяси газетінің бас редакторы лауазымына бұған дейін бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы қызметін атқарған Балнұр Мәлікқызы Сапарова тағайындалды.
Балнұр Сапарова 1991 жылы 30 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің түлегі. Еңбек жолын «Мұнайлы астана» газетінен бастаған. 2015 жылдан бастап Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне ІІ санатты тілші қызметіне жұмысқа қабылданып, бес жылдан соң бас редактордың орынбасары-жауапты қызметін күні бүгінге дейін атқарды.
Балнұр Мәлікқызына жұмысына сәттілік тілейміз!