Бүгін «Атырау-Ақпарат» ЖШС бастамасымен «Жайық шұғыласы» газетінің ұжымы бір күнін редакция ауласының тазалығына арнады.
Сенбілік – тазалық кепілі. Ауыл тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Оның ішінде өзіміз еңбек етіп отырған қызмет орнын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру өте маңызды іс екені анық. Сенбілік барысында қыздар редакция аумағындағы тал-теректердің түбін қопсытып, діңін әктеді.
Ғимараттың сыртын әктеп, терезелерін айнадай тазартып сүртті. Ал жігіттер жағы шарбақтағы арамшөптерді жұлып, күл-қоқыстан тазартты. Редакция ұжымы айналаны түгел сыпырып-сиырып, тазалады. Соңында қураған ағаш бұтақтарын, шөп-шаламды, күл-қоқысты өртеді. «Тазалық-денсаулық кепілі» дегендей, өзіміз ауасын жұтатын ауланы таза ұстағанға не жетсін.
А.Қуанышқалиева