Мұхадия жүлдегер атанды

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының мәжіліс залында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу туралы аудандық филиалдың отырысы өтті.

Бұл конкурстың мақсаты- ҮЕҰ-дың рөлін арттыру болып табылады. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген екі үкіметтік емес ұйымның жұмысымен танысқан соң арнайы комиссия тобы жүлделі орындарды белгіледі. Алдымен «Ержүректілер» спорт клубы жетекшісінің орынбасары Г.Утеулиева өз жұмыстарын таныстырды.

Жалпы «Ержүректілер» спорт клубында бүгінде тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы, шахматпен 45 адам жаттығу үстінде. Барлық қызмет ақылы түрде қолжетімді бағада көрсетіледі.

m

Алғашқыда клуб қоғамдық қор ретінде құрылған. Қазіргі таңда 2 мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа алып, спорт клуб ашылғаннан бері 3 спортшы ҚР Чемпионатына қатысып, «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын жеңіп алғанын слайд арқылы баяндады. Ол қаржыландыру көзі ретінде 2018 жылы ТШО компаниясының қолдауымен «Жарқыра» бағдарламасы бойынша 1 млн 360 мың теңге грант, «Самұрық-Қазына Транс» әлеуметтік даму қорынан 500 мың теңге грант, өз қаражаттарын қосып, жұмыстанып жатқандарын жеткізді. Сөз арасында ол қыркүйек айынан бастап «Ержүректілер» спорт клубы жанынан «Үміт» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу орталығын ашуды көздеп отырғанын да айта кетті. Сөз кезегін алған «Ақжол-Махамбет» мүгедектер қоғамы бірлестігінің жетекшісі Қ.Құрмашев арнайы әлеуметтік тапсырыс негізінде 1 топ мүгедектеріне арналған арнаулы автокөлік инватакси жобасын бастап жатқанын слайд арқылы баяндады. Жыл сайынғы дәстүрге айналған облыстық деңгейдегі «Спортта бізге бағынышты» сайысы биыл қыркүйекте үшінші рет өткізгелі отыр.

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов комиссия шешімімен конкурстың жеңімпазы М.Қуангереев(«Ержүректілер» спорт клубы) атанғанын айтып, «Алғыс хатпен» марапаттады. Енді ол «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, бақ сынайтын болады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT