Жаңғырған коммуналдық жүйе – халық игілігі үшін

Мемлекет басшысы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесін ерекше атап өтті. Бұл – әрбір өңірдің, соның ішінде біздің ауданның да әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға тікелей әсер ететін маңызды бағыт. Инженерлік инфрақұрылымның тозуы, жаңа талаптарға сай келетін пәтерлік қорды қалыптастыру және коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыру – бүгінде заман талабы.

Ауданымызда да осы салада жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікті дамыту – инфрақұрылымдық жобаларды жылдам әрі сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы бірқатар көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылып, су және жылу жүйелерін жаңғырту бойынша жобалар қолға алынуда. Сонымен қатар, цифрлық бақылау жүйелерін енгізу арқылы коммуналдық қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру бағытында тиісті қадамдар жасалуда. Бұл – Президент келтірген талаптардың өңір деңгейінде нақты іске асып жатқандығының белгісі.

Жалпы, Жолдауда айтылған басымдықтар – ауданның тұрақты дамуы үшін бағыт-бағдар. Мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікті күшейту арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын түбегейлі жаңғыртуға толық мүмкіндік бар. Ауданымыз бұл міндеттерді жүзеге асыруға дайын және алдағы уақытта да халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдай береді.

 

Г.Сәдуақас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT