Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауы мемлекет дамуының басым бағыттарын көрсететін маңызды бағдарламалық құжат саналады. Құжатта азаматтардың өмір сапасын арттыруға, ұлттық экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар белгіленді.
Әсіресе білім мен ғылымды қолдау, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне басымдық берілді. Бұл міндеттер елді жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Жолдауда қойылған міндеттерді орындау әр азаматтың жауапкершілігімен тікелей байланысты. Тату тірлік пен жүйелі еңбек ортақ мақсатқа жетелейді.
Н.Аруев,
Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы


