Мен, жас маман, мұғалім ретінде Конституцияны ел дамуының басты тірегі, мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір деп бағалаймын. Конституция – тек заңдар жиынтығы емес, ол әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын айқындайтын, әділдік пен теңдіктің кепілі болатын маңызды құжат.
Білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаз ретінде жаңа өзгерістердің маңызы ерекше деп есептеймін. Себебі Конституцияда көрсетілген әрбір бап – жас ұрпақтың сапалы білім алуына, еркін ойлауына, өз қабілетін дамытуына негіз болады. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат. Сондықтан олардың құқықтық сауатты, отаншыл, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуы – біздің басты міндетіміз.
Жаңа Конституция қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайтып, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға бағытталған. Бұл – мұғалімдер қауымы үшін де сенімділік пен тұрақтылықтың кепілі. Өйткені тұрақты мемлекетте ғана сапалы білім мен тәрбие беру мүмкіндігі артады.
Менің ойымша, әр азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын сақтауға міндетті. Сонда ғана біз бірлігі бекем, болашағы нұрлы Қазақстанды бірге құра аламыз.
Есенжан Аруна
жас маман, мұғалім.
#ЖаңаКонституция
#ӘділеттіҚазақстан
#БілімЖәнеТәрбие
#ЖасҰрпақ
#ҚұқықтықМемлекет
#ЕлБолашағы



