Атырау облысы Махамбет ауданы аумағында 15-22 ақпан күндері “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты – отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстарды, ауыр қылмыстарды алдын алу, жолын кесу және криминогендік жағдайды бақылау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларды аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданады.
Құрметті тұрғындар! Егер отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласында болып жатқан оқиғаның куәсі болсаңыз, міндетті түрде полицияның 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз.



