ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ БАСТАУЫ.

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшелері Қайрат Жұмашев, Исатай Муханбеталиев Жалғансай ауылының тұрғындарымен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан  коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. 

Қайрат Жұмашев жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
 ⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз – деді Қайрат Жұмашев.

Жиын барысында өңірлік коалиция мүшесі Исатай Муханбеталиев жергілікті басқару тиімділігін арттыру, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқылады.

Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT