ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕПІЛІ.

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция мүшесі Айзада Байғалиева Еңбекшіл орта мектебінің  ұжыммен Конституция жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді. Бұл құжат – әр азаматтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызды құқықтық негіз. Сондықтан  коалиция өкілдері кездесуді өткізіп, оның мазмұнын жан-жақты түсіндіріп, қоғамға берер стратегиялық мүмкіндіктерін кеңінен талқылады. 

Айзада Байғалиева жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл бастамаларын баяндады.
 ⁃ Бірлік болса, кез келген белесті бағындыруға болады. Сондықтан біз бірлескен жұмысқа әрқашан дайынбыз – деді Айзада Байғалиева.

Бұл кездесулер Жаңа Конституцияның құндылығын көрсетуге және халықпен нәтижелі кері байланыс орнатуға жағдай жасайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT