Жаңа Конституция – мемлекетіміздің болашағына бағытталған маңызды құжат. Бұл өзгерістер ең алдымен халықтың пікірін ескере отырып қабылдануы – оның басты артықшылығы. Реформалар арқылы билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдік нығайып, Парламенттің рөлі арта түсті.
Ата Заң – кез келген елдің құқықтық іргетасы. Біздің елде қолданыстағы Конституция 1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі тұрақтылық пен бірліктің кепіліне айналды. Ал енгізілген жаңашылдықтар демократиялық қағидаларды одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Менің ойымша, жаңа өзгерістер әділетті қоғам құруға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тың серпін береді. Ең бастысы – әрбір азамат заңға құрметпен қарап, ел дамуына өз үлесін қосуы тиіс.
#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ЗаңҮстемдігі



