Жаңа Конституциядағы өзгерістер ел өміріндегі маңызды бетбұрыс деп есептеймін. Қоғамның сұранысына сай қабылданған реформалар басқару жүйесін жаңғыртып, жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Президент өкілеттіктерінің бір бөлігін қайта бөлу, Мәжіліс пен мәслихаттардың ықпалын күшейту – саяси жүйені теңгерімді етуге жасалған қадам. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасындағы байланысты нығайтады.
Конституциялық жаңарулардың түпкі мақсаты – әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету. Әрбір азамат өзінің құқығын біліп, белсенді азаматтық ұстаным танытса, реформалардың нәтижесі айқын болады деп сенемін.
#КонституциялықРеформа #ХалықҮні #Демократия



