Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Жаңа конституция – кез келген ел үшін тек құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар қоғамның даму стратегиясын айқындайтын маңызды бағдарлама. Бұл құжат арқылы мемлекет өз азаматтарының құқықтары мен міндеттерін нақтылап, саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан жаңа конституцияға қатысты пікір тек заңдық тұрғыдан емес, философиялық, әлеуметтік және саяси көзқарастармен де қарастырылуы тиіс.

жаңа конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі әлемде демократиялық принциптер мен жеке тұлғаның қадір-қасиетін сақтау басты талап болып отыр. Конституцияда адамның өмір сүру, білім алу, еңбек ету және өз пікірін білдіру құқықтары нақты қорғалуы тиіс. Бұл тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де жүзеге 
асырылуы қоғамның әділеттілігін көрсетеді деп ойлаймын.

Ақжол Қонысбаев
Жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT