Әділетті Қазақстанға бастайтын жаңа Конституция.

Жаңа Конституция – еліміздің құқықтық мемлекет ретінде жаңғыруының маңызды кезеңі. Құжатта адам құқығы мен бостандығын қорғау, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына жол ашатын нақты тетіктер қамтылған. Бұл қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті арттырып, халықтың билікке деген сенімін күшейтеді.

Білім саласының өкілі ретінде жаңа Конституцияда балалардың қауіпсіздігі, сапалы білім алу құқығы және педагогтердің мәртебесін қорғау мәселелеріне айрықша мән берілгенін қолдаймын. Бұл нормалар жас ұрпақты саналы, білімді әрі отаншыл азамат етіп тәрбиелеуге берік негіз қалайды.

Тасмағамбетов Серік
Ақжайық ауылы Қызылүй орта мектебінің уақытша директор қызметін атқарушы.

#ЖаңаКонституция #ӘділеттіҚазақстан #ҚұқықтықМемлекет #БілімСаласы #АзаматтықҚоғам

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT