Менің ойымша, жаңа конституция – тек заң құжаты ғана емес, елдің болашағын айқындайтын маңызды негіз. Бұл құжат арқылы әр азаматтың құқықтары мен міндеттері нақты көрсетіледі, қоғамдағы әділеттілік пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа конституция жастарға өз мүмкіндіктерін ашуға, білім алу мен шығармашылықпен айналысуға жол ашады. Меніңше, еліміздің дамуы осы құжаттың дұрыс жүзеге асырылуына байланысты.
Асланұлы Ернар
Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
#ЖаңаКонституция #ҚұқықЖәнеМіндет #БолашаққаБағдар #ЖастарҮшін #ЕлімДаму #ӘділеттіҚоғам


