«Сарайшық» сапар орталығында аудандық «Аmanat» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.
Оған партияның облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев, аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев және аудандық бөлім, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйым төрағалары қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалысы туралы сөз болды.
Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Руслан Әженов еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғаның бірі – жаңа Конституциялық рефомаға қатысты өз пікір білдірді.
- Өздеріңізге мәлім, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды. Мемлекеттік құрылыстың барлық аталған қағидаттары біздің мақсаттарымызды, ұмтылыстарымызды, болашағымызды көрсете отырып, өзекті болып табылады. Ата заңымызға өзгерістер енгізу уақыт талабы, - деді Р.Әженов.
Бұдан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев сөз кезегін алып, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында бекітілген міндеттердің аудандағы орындалысы туралы баяндама жасады. Атап айтсақ, бағдарлама жүктеген жаңа жұмыс орындарын құру, жастар үшін мүмкіндіктер, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту, сапалы білім беруге жағдай жасау, қолжетімді медицина, мәдениет пен бұқаралық спорт саласы, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік-инфрақұрылымды жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық ахуалды жақсарту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.
Аудандық мәслихатының төрағасы Қайыржан Мажиев және аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі, аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрайымы Эльмира Еспусинова Конституцияның жаңа редакциясындағы өзгерістерге тоқталып, пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясының шешімімен жарияланған Ата Заңымыздың жаңа жобасын халық арасында түсіндіру басты міндет екенін айта келіп, қазіргі таңда қоғамда қызу пікірталас тудырған тіл мәселесіне қатысты ойын жеткізді.
- Ата Заңда анық көрсетілгендей, біздің мемлекеттік тіліміз әрине ол – қазақ тілі. Әсте, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Тіл мәселесіне қатысты орын алған соңғы өзгерістерге сәйкес, халықтың үні ескеріліп жатыр. Ана тіліміздің тағдыры өз қолымызда. Біз өзіміз де, өсіп келе жатқан ұрпағымызды да тіліміз арқылы тәрбиелей алсақ біздің рухымыз да, жүрегміз де, тіліміз де ешқашан жоғалмайды, - деді төраға Б.Мырзағалиев.
Сонымен қатар, ол алда тұрған маңызды міндеттерге тоқталып, партия мүшелерін бірлесіп, белсенді жұмыс жасауға шақырды.арайшықта басқосты
«Сарайшық» сапар орталығында аудандық «Аmanat» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған партияның облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев, аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев және аудандық бөлім, мекеме басшылары, бастауыш партия ұйым төрағалары қатысты.
Фракция отырысының күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланып, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалысы туралы сөз болды.
Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Руслан Әженов еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғаның бірі – жаңа Конституциялық рефомаға қатысты өз пікір білдірді.
- Өздеріңізге мәлім, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты пысықтаудың нәтижесінде пайда болды. Мемлекеттік құрылыстың барлық аталған қағидаттары біздің мақсаттарымызды, ұмтылыстарымызды, болашағымызды көрсете отырып, өзекті болып табылады. Ата заңымызға өзгерістер енгізу уақыт талабы, - деді Р.Әженов.
Бұдан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев сөз кезегін алып, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасында бекітілген міндеттердің аудандағы орындалысы туралы баяндама жасады. Атап айтсақ, бағдарлама жүктеген жаңа жұмыс орындарын құру, жастар үшін мүмкіндіктер, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту, сапалы білім беруге жағдай жасау, қолжетімді медицина, мәдениет пен бұқаралық спорт саласы, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, инженерлік-инфрақұрылымды жақсарту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экологиялық ахуалды жақсарту бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.
Аудандық мәслихатының төрағасы Қайыржан Мажиев және аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі, аудандық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрайымы Эльмира Еспусинова Конституцияның жаңа редакциясындағы өзгерістерге тоқталып, пікірлерін ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Мырзағалиев Конституциялық реформалар жөніндегі комиссиясының шешімімен жарияланған Ата Заңымыздың жаңа жобасын халық арасында түсіндіру басты міндет екенін айта келіп, қазіргі таңда қоғамда қызу пікірталас тудырған тіл мәселесіне қатысты ойын жеткізді.
- Ата Заңда анық көрсетілгендей, біздің мемлекеттік тіліміз әрине ол – қазақ тілі. Әсте, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Тіл мәселесіне қатысты орын алған соңғы өзгерістерге сәйкес, халықтың үні ескеріліп жатыр. Ана тіліміздің тағдыры өз қолымызда. Біз өзіміз де, өсіп келе жатқан ұрпағымызды да тіліміз арқылы тәрбиелей алсақ біздің рухымыз да, жүрегміз де, тіліміз де ешқашан жоғалмайды, - деді төраға Б.Мырзағалиев.
Сонымен қатар, ол алда тұрған маңызды міндеттерге тоқталып, партия мүшелерін бірлесіп, белсенді жұмыс жасауға шақырды.
Партия өкілдері Сарайшықта басқосты
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 15


