Зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы – әлеуметтік сенімнің негізі

Зейнетақы жүйесі – халықтың болашақтағы өмір сапасын айқындайтын маңызды сала. Сондықтан оның қаржылық тұрақтылығы мен әділдігі мемлекет үшін стратегиялық мәнге ие.

Үкіметтің Ұлттық банкпен және тиісті агенттіктермен бірлесе жұмыс істеуі – зейнетақы жүйесін кешенді түрде жетілдіруге бағытталған дұрыс қадам. Зейнетақы төлемдерінің ұзақ мерзім бойы теңгерімді әрі лайықты деңгейде болуы азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырады. Сонымен қатар, қаржылық тұрақтылықты нығайту экономикалық тәуекелдерді азайтып, болашақ ұрпақтың әлеуметтік қорғалуына негіз қалайды. Бұл бастамалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Зейнетақы жүйесін жетілдіруге қатысты ұсынылған шаралар уақыт талабына сай және өзекті деп есептеймін. Егер бұл саясат жүйелі әрі ашық түрде жүзеге асса, ол ел азаматтарының өмір сапасын арттырып, Қазақстанның әлеуметтік тұрақты мемлекет ретіндегі дамуына оң әсерін тигізеді.

 

Д.ЖОЛДАСҚАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT