Заңсыз жүрген шетел азаматына айыппұл салынды

Өзбек азаматы Атырау облысына келіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін Махамбет ауданында шетел азаматына 51 048 мың теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың айтуынша, Өзбекстан Республикасының азаматы 2019 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының шекарасынан өтіп, Атырау облысына келіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған.

Сот отырысына «WhatsApp» желісі арқылы байланысқа шыққан құқық бұзушы өз түсінігінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сот шешімімен өзбек азаматы кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен оған әкімшілік жаза ретінде 51 048 (елу бір мың қырық сегіз) теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

«Жайық-Ақпарат»

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT