«Алтын-Ай» бөбекжайында ұжымда елімізде талқыланып жатқан «Педагог мәртебесі» жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Бөбекжай меңгерушісі Лариса Қорғанбайқызы «Педагог мәртебесі» туралы заң Елбасының Жолдауына байланысты шыққанын, министрлік педагог мәртебесі туралы, мұғалім жүктемесін азайту бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жобалардың әзірленіп жатқанын атап өтті.
Тәрбиеші Майрагүл Қабдығалиқызы, әдіскер Анар Жайковалар да өз пікірлерін қосты. Бірі 35 жылдан астам жұмыс жасағандарға «Білім саласына еңбегі сіңген ұстаз» төсбелгісін, 30 жылдан жоғары еңбек еткен ұстаздарға «Ы.Алтынсарин» медалін беруді, екіншісі, 25 жылдан астам үздіксіз еңбек еткен жандарға «Ұстаз даңқы», жақсы жұмыс жасап, озық нәтиже көрсеткен жастарға «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілеріне ұсынса, артық етпейтінін еске салды. Ұжымдағы басқа да мамандар өз ойларын ортаға салды.
Б.ЕРКИНОВА,
тәрбиеші.