Заңсыз балық аулауға тыйым салынады

Су асты балықтарының уылдырық шашу науқаны басталғандықтан 1 сәуірден бастап Жайық өзенінен және су айдындары, су тоғандары мен жүйелерінен балық аулауға қатаң тыйым салынады.

Аудан көлемінде балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау, алдын алу және оның жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 31 мамырға дейін жүргізіледі. Осыған орай аудандық балық қорғау инспекциясы және аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен бірлескен мобильдік топтар құрылды. Рейд кезінде қандайда бір заң бұзушылық фактісі анықталған жағдайда заңда көзделген әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертіледі.

Учаскелік полиция инспекторларының және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметіндегі патрульдік полициясы тобы қызметкерлеріне аудан аумағындағы Жайық өзенінің жағалауында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау әрекеттерінің жолын кесу міндеттері жүктелді.

А.УМИРЗАКОВ,

аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT