Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз» дей келіп, «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл ұлт болып шешуге тиіс приципті мәселе» деп мәлімдеген еді.
Осы орайда азаматтық сот өндірісінде аса қиындық туғызбайтын жоғарыда аталған істер бойынша істі мемлекеттік тілде қарап, латын графикасына көшуді бастауға болады деп ойлаймыз. Және оны жүзеге асырудың келесі жолдарын ұсынамыз:
-тиісті ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып, АПК-нің 135 бабы 5,10-11 негіздері бойынша (жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды өндіріп алу, кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарған үй-жайлардың) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;
-іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және т.б.) үшін берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша сот бұйрықтарын қазақ тілінде (латын графикасында) шығаруға көшу;
- ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатқан жас буын үшін латын әліпбиіне көшу ешқандай қиындық, кедергілер келтірмейді. Сондықтан іске қатысушы тараптардың, келісімімен неке бұзу туралы істер, оның ішінде медиациялық тәртіппен шығарылған сот актілерін латын графикасына беру;
- АПК-нің 14 бабының 2 бөлігін басшылыққа алып, азаматтық істер бойынша сот тілін мемлекеттік тілге ауыстыруды кеңінен қолдану қажет; -атқару парақтарын латын графикасында жазу;
- «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабына сәйкес, атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып, белгіленгендіктен, атқару өндірісін жүргізу тілін бақылауда ұстау. Атқарушылық іс жүргізу тілі бұзылған жағдайда АПК-нің 270 бабында көзделген ден қою шараларын қолдану.
Сонымен қатар, сот ісін жүргізу, кеңсе жұмысын латын графикасына ауыстыру үшін судьялар және сот қызметкерлеріне латын графикасын меңгеру .үшін арнайы курстар ұйымдастырып, азаматтарды қабылдау залында латын әліпбиін іліп, латын графикасында жазылған талап арыз үлгілерін қою қажет деп есептеймін.
Г.САҒЫНОВА,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.