"Өз балаңа күлкі болма, үлгі бол"

Астана қаласында республика бойынша 500 педагог-психолог тегін оқып, курстан өтіп келген едік.

Соның ішінде Атырау облысынан 31 педагог-психолог курсқа барған болатынбыз. Курсты ұйымдастырған ҚР Білім және ғылым министрлігі және отбасылық тәрбиелеу институты ЖШС.

Біз курс кезінде ресейлік, қазақстандық психология ғылымдарының докторлары, кандидаттар, атақты профессорлардың сан алуан лекцияларын, дәрістерін тыңдадық. Психология бойынша өткен сабақтар, лекциялар өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Бұл инклюзивті білім беру ұйымында инклюзияны тиімді енгізу, нақты моделін әзірлеуге ықпал етті. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді іске асыру мәселесінде педагог-психологтер мен ата-аналарда туындайтын ерекше қиындықтарды анықтау, оны талдауды көздеді. Әр білім беру ұйымында әр білім алушы тұлғасын табысты әлеуметтендіру, тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал ететін мультимәдени білім беру ортасын қалыптастыру мен қолдауға көмектесу еді. Сондай-ақ ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне табысты қосу жағдайлары туралы да сөз болды. Инклюзивті білім беруді іске асыру үшін педагогикалық кадрларды даярлау, АСБ (аутистік спектр бұзылысы) бар бала үшін инклюзивті кеңістікті ұйымдастыру бойынша психологиялық қызмет пен педагогтардың өзара әрекеттестігі де әңгіме арқауына айналды.

Курс кезінде инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп психологиялық қызметінің оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастыру, инклюзияны қолдау бойынша мектептің психологиялық қызметінде нейропедагогика әдісіне, инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың отбасыларымен өзара әрекеттестік нәтижелілігін арттыруда мектептегі психологиялық қызметтің рөліне мән берілді. Сонымен қатар инклюзия жағдайында оқушылар арасындағы қудалаудың(буллинг) алдын алуда мектептің психологиялық қызметінің рөлі де назардан тыс қалмады.

Астанада «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау инклюзивті білім беруді дамытудың басты шарты ретінде: стратегиялық жоспарлау, нәтиже, перспективті шешімдер» тақырыбында өткен тамыз конференциясына қатысып, өзімізге көптеген құнды нәрселер түйдік. Конференцияны ҚР Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Аймағамбетов сөз сөйлеп ашты. Ақпараттық шолу сағатында ҚР БҒМ Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Ә.Абаева, Абай атындағы ҚазҰПУ «ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы» ғылыми орталығының директоры, п.ғ.д.профессор З.А.Мовкебаеваның баяндамаларын тыңдадық. Ресейлік профессорлардың, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, оқытушы, ғалымдарының баяндамаларын тыңдадық. Курс соңында «Отбасылық тәрбиелеу институты» ЖШС-нің «Бақытты отбасылық тәрбие бойынша 100 сағаттық теориялық және практикалық білімін игерді. ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-аналар, өз балаңа үлгі бол!» атты республикалық ата-аналарға арналған конференцияны ұйымдастыру бойынша семинарда оқыды» деген сертификатпен марапатталдық. Республика көлемінде мектептерде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана, өз балаңа үлгі бол!» конференциясы өтті.

М. АСАНОВА,

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің педагог-психологі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT