Статистикалық деректер қалай беріледі?

«Өнерпаз» мәдениет үйінде облыстық статистика департаментінің медиа-жоспарына сәйкес «Респонденттермен алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі» тақырыбында көшпелі семинар болып өтті.

Облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Айжан Ғарифоллақызы 2010 жылғы 19 наурызда бекітілген мемлекеттік статистика туралы заңда белгіленген әдіснамаға сәйкес респонденттер статистикалық есептілікті қағаз жеткізгіште, телефон арқылы, онлайн түрінде бере алатынын қаперледі. Статистикалық есепті уақытында тапсыруды, егер оны уақтылы тапсырмаса, заң бойынша айыппұл салынатынын, елімізде «Цифрлы Қазақстан» жобасы жүзеге асуына байланысты қазіргі уақытта тек онлайн түрін тапсыру міндеттелуі талап ететінін еске салды.

-Барлық мекеме-ұйым, кәсіпорындарда, мемлекеттік органдарда интернет ресурстар бар бола тұра, мамандар статистикалық есептілікті онлайн түрінде тапсырмайды. Әлі күнге дейін қағаз тасығышта беріп келеді. Цифрландыруға сәйкес департаментте біраздан бері онлайн-есбін тапсыра бастадық. Махамбет аудандық статистика басқармасы онлайн есеп беруді 81 пайыз ғана орындап отыр. Бұл өте төмен көрсеткіш деп есептеуге болады,-деді А.Есжанова.

Департаменттің респонденттермен жұмыс басқармасының басшысы А.Хасимқызы да «Менің анықтамам» бөліміне кіріп қарауды, есепте қате кетсе, міндетті түрде түзетуді ұсынды. Облыстық статистика департаментінің заң басқармасының басшысы Б.Қайырғалиұлы соңғы шыққан заңдармен, өзгерістермен таныстырды. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Е.Құлмағамбетов, есепші Т.Мырзағалиев өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Семинар жұмысын аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиев қорытындылап, келген сала мамандарына алғыс айтты. Көптен бері мұндай семинарлар болмағанын, мемлекеттік статистикаға, алдағы жылы болатын санаққа байланысты семинарлар ұйымдастырылатынын қаперледі.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521