«Вакцина ал да, ақшалай ұтысқа ие бол!» ұтысының алғашқы жеңімпаздары анықталды

Тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен кездейсоқ сандар генераторы арқылы 200 мың теңгелік 10 сертификаттың иесі анықталды.

Олар қызылқоғалық Сахи Қалымбетов, құрманғазылық Асыланбек Елемесов пен Ержан Махмутов, Жылыой ауданының тұрғыны Батырбек Төлеуғали мен атыраулық Гүлбаршын Мұхамбетова, Иван Вьюрков, Асылан Мунбаев, Роман Дияров, Асылан Муханбетов және Рамиль Утегуловтар.

Естеріңізге сала кетсек вакцина алушыларды ынталандыру мақсатында Атырау облыстық Азаматтық Альянсы ұйымдастырған бұл ұтыс ойыны әр он күн сайын 30-шы қыркүйекке дейін екпе алғандар арасында ойнатылады. Жүлде қоры - 40 миллион теңгені құрайды.

Тамыз айында 30-шы маусым мен 31 шілде аралығында вакцина алғандар үшін 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі. Ал, 1-31 тамыз аралығында екпе алғандар үшін қыркүйекте тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады.

Қазан айында өтетін 10 миллион теңгені құрайтын басты ұтысқа Атырау облысында 1-ші ақпаннан бастап 30-шы қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші немесе екінші компонентін алған тұрғындар қатыса алады.

Жеңімпаздар тікелей эфирде анықталады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521