Үміткерлер ұстаздармен кездесті

Аудандық «Nur Otan» партиясының ғимаратында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қайыржан Мәжиев, Баян Сүйеуова және Төре Пангерей аудан ұстаздарымен кездесіп, сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізді.

Алдымен сөз алған Қайыржан Мәжиев мемлекет тарапынан білім саласына ерекше көңіл бөлініп отырғанын,оның ішінде ұстаздардың жалақысы жылдан-жылға көтеріліп келе жатқанына тоқталды.

- Мемлекет басшысының 1 қыркүйек 2020 жылғы жолдауында ұстаздардың жалақысы келесі жылдан бастап 25 пайызға өсетіні айтылды. Мемлекеттің де «Nur Otan» партиясының да алға қойып отырған мақсаты білім және медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету болып отыр. Өйткені дәрігер адам жанының арашашысы болса, ұстаз адам жанының инженері. Ұстаздың берген тәрбиесінен, білімінен барлық адам нәр алады. Партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласына қатысты көптеген жұмыстар жүзеге асырылатыны жазылған. Алдағы сайлауда ұстаздар қауымы өз таңдауын жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс береді деп сенім білдіреміз, – деді Қ.Мәжиев.

Келесі кезекте сөз алған Баян Сүйеуова 2020 жылдың еліміз үшін қиын уақыт болғанын, індеттің есеңгіретіп кеткенін, қазақтың қанына сіңген қайырымдылық қасиетінің арқасында дерттің беті қайтқанын айта келе, осы кезеңде «Nur Otan» партиясының халыққа көрсеткен қолдауларына тоқталды:

- Пандемия кезінде «Nur Otan» партиясы 1100 аз қамтамасыз етілген отбасыға «Біз біргеміз» қоғамдық қоры арқылы 50 мың теңгеден көмек көрсетті. 803 мүгедек жандарға, 144 мүгедек балалар мен олардың ата-аналарына жұмыссыз қалған 932 азаматқа әлеуметтік көмек төленді. 124 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылса, 391 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қариялар еріктілер арқылы азық-түлік себетіне ие болды. Жұмыссыз қалған азаматтар қоғамдық жұмысқа тартылды. Өз бизнесін бастаймын деген жұмыссыздар үшін қайтарымсыз гранттар берілді. 10 қаңтарда өткелі отырған сайлауға дайындық ретінде «Nur Otan» партиясы өз ішінде іріктеу жүргізіп, праймериз жобасын жүзеге асырды. Бұл партияның жаңашылдыққа қадам басқанын көрсетті. Сайлауалды бағдарламасында ауданның дамуына қатысты негізінен 7 бағытқа басымдық берілген. Соның ішінде білім саласына қатысты Махамбет ауылынан 300 орындық интернаты бар 600 орындық мектеп құрылысын жүргізуге, жоғары оқу орындарынан жылына 7 жас маман тартуға, ұстаздардың біліктілігін арттыруға, мектептердің компьютерлік техникалармен қамтамасыз етілуіне ықпал ететін болады. Сондықтан сіздерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын, – деді Б.Сүйеуова.

69c6b211220

Кездесудің қорытынды сөзін сөйлеген Төре Пангерей бүгінгі бас қосудың негізгі себебі «Nur Otan»партиясының бағдарламасымен таныстыру, соның ішінде ұстаздарға көп көңіл бөлініп отырғанын, ұстаздардың жағдайын жақсартуға «Nur Otan» партиясының өз үлесін қосатынын жеткізу екенін айтып, білім саласы қызметкерлерін «Nur Otan» мен бірге болуға шақырды.

Кездесуде сондай-ақ қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Аудандық балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының оқу ісінің меңгерушісі Нұрбол Аятов қашықтан оқыту кезінде балалардың дене қозғалысын жасамай бір орында көп уақыт отыратындарын мұның соңы баланы дене бітімінің дүрыс қалыптасуына кері әсерін тигізетінін айта келе барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, клубтың балаларды қабылдауға рұқсат алуына ықпал етуді өтінді. Үміткерлер айтылған ұсынысты тиісті орындарға жеткізетіндерін айтты.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521