Түркістанды салуға атсалысқан Ғабіржан Әміров

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында барды бағалап, жоқты түгендеу жолында рухани оянуға, санада жаңаша сілкініс жасауға шақыруы жұртшылық жүрегіне жылы тиді. Ұлттық мүддені асқақтатып, тәуелсіздіктің тұғырын бекемдеудегі бабалар жолын жалғастыру бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екенін еске салды.

Сырлы Сарайшықтың тарихынан сыр шертіп, сонау оңтүстікке барып, қазақтың киелі қаласы Түркістанның құрылысына ат салысқан тұлғалардың бірі Әміров Ғабіржан Абдрахманұлы бірі білсе, бірі білмес.

Ғабіржан Абдрахманұлы 1941 жылы 13 тамызда Сарайшық топырағында туып-өскен. Әкесі соғысқа аттанып, анасының бауырында 40 күндігінде қалған. Әкесі Абдрахман соғысқа кетпестен бұрын осы Сарайшықта машина трактор станция жұмысын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ғабіржан атаның айтуы бойынша: «Әкесі майданға бірінші Орынборға жіберіліп, кейін Мәскеу шайқасында болған, содан соғыстан оралмаған. Соғыста жүрген кезінде үйіне хат жазған, ол сол бір хатында «Құрдасыма кетіп бара жатырмын» деп көрсеткен. Ғабіржан атаның пайымдауынша «құрдасым деп отырған, Бауыржан атамыз болуы керек. Себебі әкемнің туған жылы 1910 жылы, құжат бойынша 1912 жылы деп көрсетілген. Сондай-ақ ол сол хатында Мәскеу шайқасында екенін жазған болатын». Алайда содан кейін ұзаққа дейін әкесінен хабар алмаған, кейін бір хат келіп ол хатта соғыстан жараланғанын жазып, Иживск қаласындағы госпитальде жатырғанын жазған. Сонымен бірге хатында жалғыз ұл болғасын Ғабіржан атаны ағайын-тумаға аманаттаған екен. Хаттың соңғы болуы мүмкін екендігін Түркістанды салуға атсалысқан жазып, тыңшы командирі ретінде аттанып жатырғанын көрсеткен. Содан кейін ешқандай хат-хабар алмаған. Қазіргі уақытта Ғабіржан ата әкесі туралы ақпараттарды архивтерден іздестіруде.

Ғабіржан Абдрахманұлы 1948 жылы Молотов атындағы мектеп табалдырығын аттайды. Әкенің орнында болған, көршісі Ескендір Чакликов Ғабіржан Абдрахманұлын баласы Тұрар Чакликовпен бірге мектепке беріп, бір партаға отырғызады. Ескендір Чакликов - атақты дәрігер. Оның есімі қазіргі таңда ескі Сарайшық ауылының көшесіне беріліп отыр. Осыдан соң Тұрар Чакликов пен Әміров Ғабіржан айырылмастай дос болып өседі.

Мектепті аяқтаған соң, ол 1959 жылы Сарайшық ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесіне оқуға түсіп, тракторист мамандығында оқиды. 1961 жылы оқуды сәтті аяқтап, Гурьев мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе станциясына жұмысқа орналасады. Орналасқан сәтінде жүгері алқабында тракторист болып қызмет атқарады. Бұл жерде Әміров Ғабіржан өзінің мұқияттылығымен, ыждағаттылығымен көзге түседі. Мал төлдету ме, пішен шабу ма, егін жинау–бұның бәрінде ол білек сыбанып кірісе кететін. Сол жылы Мәскеулік экспедиция Сарайшыққа келеді. Жас, білікті маман ретінде Ғабіржан Абдрахманұлы сол жұмысқа ауыстырылады.

Жаңа еңбек жолында ұзақ жұмыс жасамады. Себебі 1961 жылдың қараша айында әскерге шақырту келіп, әскери борышын өтеуге Мәскеу қаласына аттанады. Әскери борышын өтеу кезінде КСР Одағының Қарулы Күштері қатарындағы үздік жетістіктері мен жауынгерлік және саяси даярлығы, үлгілі тәртібі және мінсіз қызметі үшін көптеген мақтау қағаздары, грамоталармен марапатталып, 2 рет анасына мақтау қағазы жіберіледі. 1 мақтау қағазын өзі білім алған Сарайшық ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесінің директоры Зейнолла Ғұмаровқа жазады. Училище директоры кері хат жазып, ол хатта: «әскери борышын өтеп келген соң, Ғабіржан Әміровке біздің мекемеден мастер орны дайын» деп жауап жазады. Содан әскерден келгесін ол, осы училищеге 1964-1965 жылдары мастер болып жұмысқа орналасады. Өзіне жүктелген қызметін атқара жүріп, білімге ұмтылады, көрсем-білсем деген құмарлығы арта түседі. Көп ұзамай оған мүмкіндік туып, 1965 жылы Түркістан қаласындағы индустриялықпедагогикалық техникумға жолдама алады. Қарапайым отбасынан шыққан жас жігітке бұл жолдама баға жетпес мүмкіндік болды.

Ол техникум қабырғасында қоғамдық жұмыстарға бірден араласып, комсомол ұйымының хатшысы болады. Еңбекқорлығын, алғырлығын көрсетіп, студенттер күшімен техникум алаңында 480 шаршы метрден тұратын спорт залының іргесінің қалануына бастамашы болады. Өзінің мақтанышпен еске алатыны студенттер арасындағы Шымкент облысы бойынша өткізілген мақта жинаудан бірінші орын алғаны. Техникум директоры Ғабіржан Абдрахманұлына мақта жинаудан қалай болса да, осы жылы «Қызыл ту» алу керекпіз деп үлкен үміт артады. Сонда Әміров Ғабіржан бұл жұмысты қыркүйек пен қараша айларында, екі ай ішінде ұйымдастырып, жеңіске қол жеткізеді. Осы еңбегі үшін оны «Құрмет грамотасымен» марапаттайды. Түптеп келгенде мұның бәрі қолға алған істі тыңғылықты ұйымдастырудың көрнекті үлгісі болды. Кейін 1966 жылы аудандық комсомол комитетінің штаттан тыс секретары, облыстық атқару комитетінің мүшесі болады. Ғабіржан ынша «Бір таңғаларлығы сол кесененің құрылыс тасындай тас жасау үшін, сол жердегі мамандар тасын экспертизаға жіберген болатын. Алайда ғалым - мамандар бұл тастың қалай жасалғанын сырын аша алмай, білмей кеткен» дейді. 1969 жылы дипломын қолына алғаннан кейін Атырауға оралып, училищеге мастер болып жұмысқа орналасады. Ол жерде бір жылдай қызмет жасап, 1970 жылы ДСУ 29-ға аға механик болып ауысады.

g130721

Кейін 1972 жылы наурызда Абдрахманұлы халықтың үні мен тіліне айналды. Көптеген талдаулар, сыни көзқарастар, сол кезеңнің айқын суреттерін көрсетіп, ел өмірінің бар саласын тағылымды мақалалар ретінде басылымдарға шығарып отырды. Басты ұстанымы өмірлік шындыққа, өмірлік ақиқатқа қызмет ету болды.

Сол кезеңдерде Түркістан қаласындағы колхоз, совхоздары ретке келтірілді. Түркістан қаласы ертеден қазақтың киелі жері болып саналғандықтан, бұл жерге Құрбан айтта халық көп жиналатын орындардың бірі болды. Совет үкіметінің дінге деген көзқарасы теріс қалыптасқан болса да, сол кезде ауыл қариялары шектеулерге қарамастан осы Түркістанға келіп, мешітке жиналып, құлшылық ететін болған. Түркістанға барған жылдары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне «реставрация» жұмыстары жүргізіліп жатырған. «Реставрация» жұмыстарын Ленинградтан келген мамандар жүргізген. Сол кезде жас комсомолдар кесенеде жүргізіліп жатырған жұмыстар кезінде айналасының тазалығын, ешкімнің бұзып кетпеуін, кедергі келтірмеуін бақылап отырған. Ғабіржан атаның айтуы бойтөменгі Жайық суландыру каналына ауыстырылады. Ол сол жерде 2012 жылға дейін еңбек етеді. 40 жылдың ішінде әр түрлі қызметте, оның ішінде Құрсай насос станциясы басшысы, моторист, механик сияқты қызметтерін абыроймен атқарады.

g2300721-

Ауылдың шетінде су айдайтын Ғабіржан атаның моторы болған. Соны ауыл тұрғындары әлі күнге «Ғабіржанның моторы» деп айтады екен. Ал ол халқының қойған атына риза, себебі, бұл ауылымда, халқымның ортасында өз орнымның бар екендігінің белгісі деп білемін дейді. Қазіргі уақытта өмірлік жары Рая апай екеуі 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, солардан немере-шөбере сүйіп отыр. Әркімнің өз дара жолы бар екені сөзсіз. Кәсіби шеберлікті шыңдауда ойы мен сөзі бір жерден шығып және ісінен айқын көрініп тұратын, өзінің дара жолы бар Әміров Ғабіржан ата биыл тамыз айында сексеннің шыңына шықпақ. Саналы ғұмыры осынау киелі де қасиетті өңірде өткен ерен еңбек иесі Ғабіржан атаға өнегелі өмірлер жалғасындай бақ-береке тілейік.

Жанар ДИЯРОВА,

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT