Тұрғындарды толғандырған мәселе

Бүгін аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов жеке мәселелері бойынша алдын ала жазылған тұрғындарды қабылдады.

Бұл аптадағы қабылдауға бас-аяғы 11-адам жазылса, оның 8-і тұрғын үй мәселесімен келіп отыр. Аталған адамдардың барлығы да тұрғын үй кезегіне тіркелген. Оларға баспана беру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес кезегімен берілетіні түсіндірілді.

Ал, жер жөніндегі өтініштерін айта келген азаматтарға аудандық жер қатынастары бөлімі мамандарына жолығу жөнінде кеңес берілді.

Қабылдауға жазылған Алмалы ауылының тұрғыны Рамиля Мұхитова көп балалы ана ретінде күні кеше баспанаға ие болған.

Көптен күткен қуанышқа кенелген ол аудан әкіміне және орынбасарларына шексіз рахметін айтып, алғысын жаудырды.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз