Ту дауылды ескертуге байланысты алынып тасталды

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың айтуынша, қалада жел екпіні күшейгендіктен, тутұғырдағы байрақты алып тастауға шешім қабылданған.

- Мемлекеттік ту аса қастерлі рәміз ретінде ерекше назарды талап етеді. Туды тутұғырдан алып тастау туралы шешім ауа-райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, - деді Қ. Әзмұханов.

Әкімдіктің айтуынша, ауа-райы тұрақталғаннан кейін, байрақ жақын арада қайтадан орнатылады.

Айта кетейік, Тутұғыр кешені 30 желтоқсан күні салтанатты түрде ашылған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT