Туған жерге туыңды тік!

Бейбарыс ауылдық округіндегі «Жас дәурен» мәдениет үйінде «Туған жердің мәдениетін насихаттау.

Көрерменнің жас ерекшеліктеріне қарай мәдени шаралар ұйымдастыру» атты мәдениет қызметкерелерінің семинар-кеңесі ұйымдастырылды.

Оған облыстық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Дидар Арыстанғалиева арнайы қатысты. Семинарда ашқан Бейбарыс ауылдық округінің әкімі М.Сарсенғалиев пен мәдениет үйінің директоры М.Жаленова өнер, мәдениет майталмандарының жұмыстарына табыс тіледі. «Бақжайық» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Б.Хайдарова, Алмалы мәдениет үйінің директоры А.Жакиева, Алға мәдениет үйінің директоры І.Жолдиев, Редут ауылдық клубының басшысы Ж.Жиенкулова, Ақтоғай мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Р.Сүгіровалар өз іс-тәжірибиелерімен бөлісті.

Мәдени ұйымдастырушы Д.Ғасырбек өткізген «Квист» ойыны да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бірінші бөлім бойынша жүлделі І орынға Қ.Қазымбек, ІІ орынға І.Боранбай, ІІІ орынға Айболат , ІV орынға Өмірбек, V орынға Қаламқас ие болды.

Үшінші бөлімде «Өнерімен өрілген отбасылар» сазды бағдарламасы аясында Жиенкулов, Лянь, Жайлашев, Елемесов, Ережепов, Сапуллин, Тайпанов отбасылары өнер көрсетті. Сахнада тұңғыш рет шығып, өнер көрсеткен жас отбасылар Ерлібек-Динара Тайпановтар ансамблінің тұсауы кесілді. Округ әкімі М.Сарсенғалиев жеті отбасын әкімдік атынан «Алғыс хатпен» марапаттады.

Облыстық шығармашылық орталығының бөлім басшысы Д.Арыстанғалиева Махамбет ауданының өнерімен өрге жүзген таланттар мекені екенін тілге тиек етіп, ансамбльдер халықтық атаққа ұсынылса деген ұсынысын тастады. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Аруев семинардың жоғарғы деңгейде өткеніне ризашылығын білдірді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521