«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының XXVII есептік-сайлау конференциясын төраға, аудан әкімі Ж.Ахметов кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Конференцияның күн тәртібіне шығарылған мәселе-«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалының 2017-2018 жылдың өткен тоғыз айындағы атқарылған жұмыстары жөнінде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов баяндады.
Оның мәлімдеуінше, аудан бойынша 14 бастауыш партия ұйымы бар. Партия мүшелерінің саны-2049. Оның ішінде 312-зейнеткер, 37- мүгедек, 203-бала күтімінде, 1497- партия жарнасын төлейтін азаматтар. Жыл басынан бері -12 партия мүшелері жұмыс орындарын, тұрғылықты мекен-жайларын ауыстыруына байланысты өзге аумақтық филиалдарға ауыстырылған. Ағымдағы жылы 2 адам партия беделін түсіретін әрекеттері үшін Саяси кеңес Бюро отырысының қорытындысымен партия қатарынан шығарылған. Үстіміздегі жылдың қорытын- дысы бойынша 9 айлық жарна жоспары 3 млн. 817 мың 340 теңге болса, ол 3 млн. 982 мың 382 теңге болып жиналып,104 пайызға орындалған. Есепті мерзім ішінде филиал бойынша жоспарға сай 3, оның ішінде кезектен тыс 1 конференция, 2 Саяси Кеңес отырысы және 3 рет Саяси кеңес Бюросының отырысы (кезектен тыс конференцияға шақыру, резервті бекіту, жаңа партиялық жобалар, жарна жинау мен аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ұсыну мәселелері) өткізілген.
-Есептік кезеңде аудан бойынша 49 ақпараттық-насихаттық, мәдени көпшілік шаралар, қабылдаулар өткізіліп, оған 2456 адам қатынасты,-деді сөзін одан әрі сабақтаған Р.Болатұлы. Партия жұмысының жариялылығын арттыру мақсатында 24 тақырыптық мақалалар аудандық газет бетіне, 59 мақала әлеуметтік желілерде жарияланып, 5 материал облыстық телеарнадан көрсетілді.
Атап айқанда, 14 бастауыш партия ұйымдарына қарасты мекеме, ұжымдарда ұжым қызметкерлерімен, мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарымен өткізілген жиындарда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде белгіленген басым бағыттар туралы түсіндіру, талқылау бойынша кездесулер кестелері жасақталып, бекітілді. Жина- лыстарға аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің, фракция мүшелері қатынасып, барлығы 1500-ге жуық адам қамтылды. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жаңа жобаларын түсіндіру, Астананың 20 жылдық мерей тойы мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасын насихаттау мақсатында «Бірыңғай партия күні» шарасы ұйымдастырылды. Шара соңында облыстық мәслихат депутаты Айбек Серікұлы жеке қабылдау өткізді.
Аудандық мәслихатта депутаттар фракциясы құрылып, жұмыс жасауда. Есепті мерзім ішінде фракцияның 4 рет отырысы өткізіліп, онда ауданның бюджетін нақтылау, өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі үкіметтік бағдарламасына сай аудан халқын таза ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстардың атқарылу барысы туралы, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілу жайы жөнінде аудандық қаржы және экономика бөлімінің есебі және тағы басқа мәселелер талқыланып, фракция мүшелері атқарған жұмыстары жөнінде өз сайлау округтерінде есеп беріп отырды.
Аудандық филиалда тұрғындардың мұң-мұқтаждықтарын шешу, тиісті органдарға жеткізу мақсатында аудан басшыларының, құқық қорғау, дербес бөлімдер басшыларының қабылдау жос- парлары жарты жылға бөлініп жасақталған. Өткізілетін қабылдаулар туралы мәлімет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде, фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. Сонымен бірге қабылдау кестелері аудандық филиалдағы арнайы бұрыштамада көрсетілген. 2017 жылғы көрсеткіш бойынша жеке және заңды тұлғадан түскен өтініштер ішінде оң шешілген мәселелер 14 пайызды құраса, биылғы жылы есепті мерзім ішінде 123 өтініш түсіп, соның 49-ы, яғни 40 пайы- зы оң шешілді. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар-24, әкімдер -3, әкім орынбасарлары-5,мемлекеттік органдар басшылары -4, құқық қорғау органдары басшылары-2, заңгерлер-4, басқалары -3 қабылдау жүргізілді.
Облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бағытында аудандық партия филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өткізіліп, онда тапсырмалардың іске асыру жайы тыңдалды. Сонымен бірге аудандық филиал төрағасы бекіткен іс-шаралар тізбесі жасақталып, соған сәйкес жұмыстар ұйымдастырылуда. Ауданымызда Е.Ағелеуов атындағы орта мектепте IT сыныбының ашылуы болды. IT сыныпқа барлық құрал-жабдықтарға бюджеттік өтінім жасақталып,тапсырыс беріліп, құрал-жабдықтармен қамтылды. Мектепке оптикалық-талшықты интернет желісі жүргізілді. Екі ауысымда жоспарға сай барлығы 40 оқушы ІТ-мамандығы бойынша тегін дәріс алуда.
Жазғы демалыс кезінде Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектеп лагерінде оқушылар ағылшын тілінен тегін дәріс алды. Орталық кітапхана базасында «Коворкинг» орталығы ашылды. Бұл орталық жастарымыздың бос уақытын тиімді пайдалануға зор септігін тигізеді. Орталық заманауи үлгіде планшеттер, электронды кітаптар, демалыс бөлмесі,түрлі атрибуттармен жабдықталған.
«English for Zhastar» партиялық жобасы аясында 2018-2019 оқу жылында Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі базасында ерікті жас маман оқушыларға ағылшын тілінен тегін дәріс берді. 2019 жылдың жоспарына партиялық жаңа жобаларды жаңғырту мақсатында 2 БПҰ-да ІТ-сыныбына (О.Шонаев, Қ.Ахмедияров орта мектептеріне) 14 млн. 600 мың теңге, 3 кітапханада «Коворкинг» орталығын ашуға (Бейбарыс, Ақтоғай, Есбол, Ортақшыл ауылдық округтерінде)15млн. 515 мың теңге көлемінде бюджеттік өтінім жасақталып, жоспарға енгізілді. Аудандық филиал және бастауыш партия ұйымдары арқылы 7 партиялық жоба аясында жұмыстар атқарылды. Жалпы 37-ге жуық шара өткізіліп, 1943 – ден астам адам қамтылды.
Қаралып отырған мәселеге байланысты жарыссөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Сәменов әлі де болса, партия ұйымдарының беделін көтеру, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын басшылыққа алып, ардагерлердің өмірлік тәжірибелерін пайдалану туралы өз ойларын ортаға салып, партия филиалының есепті мерзімдегі жұмысына сын тұрғысынан баға берді. Конференция жұмысына қатысқан «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының саяси кеңес мүшесі Г.Садуахасова сөз сөйледі. Конференцияда ашық дауыспен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.
Н.ЕРҒАЛИЕВ.