Тұрақты сумен қамтамасыз ету – тұрғын әл-ауқатының негізі
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 30
Президент Жолдауында көтерілген су ресурстарын тиімді басқару мәселесі – біздің аудан үшін де аса өзекті бағыттардың бірі. Су тапшылығының алдын алу, су инфрақұрылымын жаңғырту және ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу – әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға тікелей әсер ететін міндеттер.
Аудан аумағында соңғы жылдары су тұтыну көлемінің өсуі мен климаттық өзгерістердің ықпалы байқалып отыр. Осыған байланысты су көздерін қорғау, суды реттеуші нысандарды жөндеу, жаңа суару жүйелерін енгізу және цифрлық мониторингті күшейту – нақты шешімді талап етеді. Жолдауда айтылғандай, су мәселесін жүйелі түрде шешу – тек экономиканы дамыту ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.
Президент атап өткен міндеттер – осы бағыттағы шараларды одан әрі күшейтуге және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жолдауда қойылған міндеттерді орындау — ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартудың маңызды басымдығы болып қала береді.

Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
