Төрт округте ауыл әкімдері сайлануда

 Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Шотпақовтың сөзіне сүйенсек, ауданның төрт ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау қызу қарқынмен жүруде.

Төрт сайлау учаскесінде 6813 сайлаушы тіркелген. Ақжайық, Есбол, Бейбарыс, Сарайшық ауылдық округтерінде әкімдер жаңадан сайланады. Қазіргі уақытта түскі 11-12-ге дейін 1712 сайлаушы дауыс берді, 29,5 пайызды құрады. Мәселен, Ақжайық округінде ауыл әкіміне 3 үміткер түсуде. Есбол, Бейбарыс округінде де -3, Сарайшық округінде - 4 үміткер түсіп жатыр. Міне, осылай қазіргі уақытта сайлау учаскесінде - 1712 адам дауыс бергені белгілі болды. Ауыл әкімін сайлау елімізде, аудан, облыста тұңғыш рет өтуде.

965378125721

Ел Президенті ауыл әкімдерін төте(жасырын) сайлау арқылы өткізу жөнінде Жолдауында айтқан болатын. Бұл әкімдерді жасырын, төте сайлаумен тағайындау болып табылады. Әрі бұл елдегі процестердамуына септігін тигізеді, соның айқын көрінісі. Бұдан бұрын елімізде Президент, мәслихат сайлаулары өткенімен, ауыл әкімдерін сайлау түңғыш рет болып жатыр. Сайлауға біз жан-жақты дайындалдық, пандемияға байланысты сақтық шараларын алдық, сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды.

Бір айта кетерлік жайт, №223 Сарайшық округіндегі сайлау орнының тарлығы. Сайлау учаскесінде қашықтықты сақтау, бақылаушы орны тек үш орынмен шектеліп қалды. Мұнда үлгергені отырды, кейін босаса келесісі отырады деген ойдамын, -дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Шотпақов бізбен әңгімесінде.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT