Токио профессоры Сарайшыққа келді

Токио қаласындағы Риккио университетінің профессоры, Жошы ұлысы, Алтын Орда тарихын зерттеуші Йоккаичи Ясухиро және Атырау облысы Мемлекеттік архивтері басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт «Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығында болды.

Атақты профессор біздің жерімізден табылған көне жәдігерлерге қатысты өзі зерттеген ақпараттарымен бөлісті. Оның айтуынша біздің музейде көрмеге қойылған селадон ыдыстарының сынықтары ХІІ-ХҮ ғғ аралығында, Қытай елінде,нақтырақ айтқанда Long quan kill шеберханасында шығарылған екен. Ыдыстардың сынықтарында сол шығарылған жердің белгісі бар көрінеді. Экскурсия соңында Жапон университеттерімен келісімшарт негізінде түрлі бағытта бірлескен ғылыми жобалар жасау мүмкіншіліктері туралы сөз қозғалды. Профессор Йоккаичи Ясухиро бірлесіп жұмыс жасауға қарсы емес екендігін айтты.

Жанар ДИЯРОВА,

«Хан Ордалы Сарайшық» музей қорығының қор сақтаушысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT