Тіркеусіз жүргендерге жауапкершілік бар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.Тургумбаевтың 2018 жылғы 29 қыркүйектегі №1-5-2-55/3405 нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы бойынша «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шара кезінде қонақ үйлер, жатақханалар, тұрғын үйлер, пәтерлер және азаматтар тұратын орындар тексеріліп, заңсыз көші-қон фактілері және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492 бабымен «ҚР-ның азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жер, уақытша тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруы» және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 493 бабы «тұрғын-жай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғын жайлар, ғимараттар және үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғын-жайларда, ғимараттар және үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол берген тұлғаларға» әкімшілік хаттама толтырылады.

Е.ДЮСЕНБАЕВ,

Махамбет ПБ КҚҚТ-ның аға инспекторы, полиция аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521