Сарбаздар сараптамадан өтуде

Бүгінде еліміз бойынша күзгі әскерге шақыру науқаны қызу қарқынмен жүріп жатыр.

Республика бойынша күзгі әскерге шақыру комиссиясы сарбаз қатарына қосылатындардың денсаулығы, азаматтық парызын өтеуге дайындығы тексерілуде.

Осы аралықта толық­тай тек­­серуден өткен жас­тар әскери боры­шын өтеуге алынады. Биыл әскер­ге шақы­рыл­ған­дар­дың қатарын 1991– 2000 жыл­дары туған бозбалалар құрап отыр. Жалпы ер-азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі абыройлы іс. «Армия – өмір мектебі» деген қағида қай кезеңде де күшін жоймайтыны анық. Бірақ жастар арасында өз қалауы­мен әскерге сұранып барушылар қата­ры соңғы жылдары сиреп кет­­кен. Әсіресе, бұл жағдай жоға­ры және арнаулы оқу орын­дарын бітірген жастардың арасында белең алып тұр. Яғни әскер жа­сын­дағы жігіттердің бір бөлігі бұл мін­детті атқаруды маңызды деп сана­майды. Олардың па­йым­дауын­ша, адам Отан алдын­дағы боры­шын өткізуге тиісті уақыт­ты ол тіп­ті 1 жыл мерзім болғаны­на қарамастан, «бекерге өтетін уақыт» деп санайды екен. Сондай-ақ әскери боры­шын өтеуге өз еркімен ынта білдіру­ші жастар негізі­нен ауылдық өңірлерде туған боз­ба­лал­ардың қатарынан. Яғни түрлі себеп­термен жоғары білім алу­ға қо­лы жетпеген жас жігіт әскер қата­рына баруға алдымен сұра­на­ды екен. Демек, «Армия – өмір мектебі» деген ұстаным білім қу­ған бозбаладан бұрын, ауыр ең­бек­тің дәмін бұғанасы қатпай жа­тып татқан ұлдарға жақындау болып тұр. Қазіргі кезде 2018 жылы ауданда күзгі әскерге шақыру кезеңі жүргізілуде. Әскер қатарына сұранушылар саны осы күзде де артуда, оқу орындарынан академиялық демалыс алушылар да бар. Бірақ әскер қатарына сұранғанмен оқу орындарының үйлеспей қалулары да кездесіп жатады.

2018 жылғы көктемгі әскерге шақырушылар кезеңінде облыс бойынша берілген жүктемені 105 пайызға орындап, жоғарғы сатыдан көрінудеміз. Бұл Махамбет ауданы бойынша облыстан бұрыннан да жоғарғы орынды иеленіп келе жатқандықтан өзіміздің орнымыз деп қабылдаймыз.

А.Е.ӘШІМОВА,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі қызметкері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521