ӨТІНІШ БЕРУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын әрбір адамның белгілі бір құқықтары мен міндеттері болады. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес осындай құқықтардың бірі Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке өтініш жасау, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберу құқығы болып табылады.

Бұл өтініштер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды институттарының бірі ретінде қарастырылуы керек. Азаматтардың өтініштері «кері бай­ланыс», болып жатқан оқиғалар, про­цестер туралы өз пікірін білдіру, жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу және өздерінің өзге де құқықтары мен мүдделерін іске асыру мүмкіндігі бо­лып табылады.

Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін және азаматтардың өтініштерін қараудың ашықтығын арттыру мақсатында Қазақстанда «Электрондық өтініш» енгізілді.

2021 жылдан бастап Мемле­кет басшысының «Еститін мемле­кет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың азаматтардың жұмыс істеу тәсілі өзгерді.

Бүгінгі таңда egov.kz пор­талында құрылған электрон­ды жолданымдардың «е-Оtinish» ақпараттық жүйесі бұл мәселелерді шешуге көмектесуде. Электрондық жолданым беру үшін egov.kz порта­лына тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет.

Бұл заңды күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі - ӘРПК) аясында қаралатын азаматтардың барлық өтініштеріне арналған бірыңғай ақпараттық жүйе.

Электрондық жолданымдардың маңызды артықшылықтары – жол­данымдарды үйден шықпай немесе мобильді қосымша арқылы мемлекеттік органға жіберу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жеке кабинет арқылы нақты уақыт режимінде жолданымның қаралу барысын бақылау және қадағалау мүмкіндігін береді.

2024 жылдың өткен кезеңінде 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келіп түскен өтініштердің көбеюі «e-Otinish» АЖ- ның шағымдар мен өтініштерді беру тәртібін айтарлықтай жеңілдеткенінің дәлелі болып табылады.

Бұл ретте ӘРПК өтініштерді қарау тәртібін егжей-тегжейлі реттейді, әкімшілік органдарға қосымша талап­тарды белгілейді. Атап айтқанда, істің барлық мән-жайларын зерделейді, жауапқа қанағаттанбаған жағдайда шағымдану тәртібін түсіндіреді.

Сонымен қатар жолданым берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда мемлекеттік орган жолданым берушіге тыңдау рәсімі арқылы (бейнеконференц бай­ланыс, басқа да ақпараттық жүйелер мен байланыс құралдары арқылы) өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін беруге міндетті.

Сонымен қатар жолданымдар­ды қарау мерзімдері қысқартылды, осылайша арыз негізінде қозғалған әкімшілік іс жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен он бес жұмыс күніне дейін қысқартылды, ал шағымды қарау мерзімі небәрі 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Азаматтар мемлекеттік органның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінер алдында әкімшілік актісіне немесе әкімшілік әрекетіне шағым жа­салып жатқан органға немесе жоғары тұрған органға шағымдануы тиіс.

Азаматтардың өтініштерін есеп­ке алуды және тіркеуді бақылауды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті жүзеге асырады.

Жанна АБДРАХМАНОВА,

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің

Атырау облысы бойынша департаментінің өтініштерді

талдау және бақылау бөлімінің бастығы, әділет кеңесшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT