Тілге құрмет – баршаға міндет!

 Қазақ тілі — қазақ халқының рухани байлығы, алтын қазығы, бет-бейнесі, ата-ба­баларымыздан қалған мұра, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі, ұлттық болмысымыздың айқын көрінісі. Тіл дүние есігін ашып, сәби болып келген кезден бастап әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Әлемді қай тілмен таныса, сол тіл ол адам үшін өте қымбат болады.

Қазақ тілі арқылы біз өзіміздің та­рихымызды, салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтаймыз және ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз. Тіл арқылы халықтың ой-өрісі, дүниетанымы қалыптасады. Қазақ тілі – біздің рухани байлығымыздың нег і з г і кілт і , өткеніміз бен болашағымызды байланыстыра­тын көпір. Әр ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл болып есептеледі.

Тілдің маңыздылығын арттыру үшін оны күнделікті өмірде қолдану, жаңа ұрпаққа үйрету, оның дамуына үлес қосу маңызды. Қазақ тілінде сөйлеп, жазып, оқып үйрену – әрбір қазақ азаматтың міндеті. Тілге деген құрмет – ұлтқа деген құрметтің белгісі.

Қазіргі заманда ана тілімізді сақтап қалу, оны дамыту басты мақсаттарымыздың бірі болуы тиіс. Әрбір отбасы, әрбір мекеме, әрбір мектеп қазақ тілін дамытуға, оны үйренуге және үйретуге атсалы­суы қажет. Сонда ғана біздің тіліміз мәңгілікке сақталып, болашақ ұрпаққа жететін болады.

Қорытындылай келе, тіл – ұлттың жаны, жүрегі, рухани қазынасы. Оны қорғау, дамыту, келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. Тілдің ал­тын қазынасы біздің жүрегімізде, са­намызда, болмысымызда мәңгілікке сақталмақ. Туған тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, құрметін арттырсақ, ұлтымыздың болашағы жарқын болары анық. «Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға міндетті.

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл – қай ұлтта, қай елде болма­сын қастерлі, құдіретті ұғым. Тіл ту­ралы жазу, ол туралы айтудан қашпау да, жалықпау да керек. Себебі тіл бүкіл бір халықтың жүрегі. Ана тілімізбен мақтанып, туған тілімізді құрметтеп жүрейік.

А.СУЛЕЙМЕНОВА,

Жалғансай ауылдық кітапханасының кітапханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT