ХАЛЫҚ АРАСЫНДА «ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ» ДЕП БЕКЕР АЙТЫЛМАСА КЕРЕК. АЛ, ТАЗАЛЫҚ ДЕСЕК ОЙЫМЫЗДА БІРНЕШЕҰҒЫМ ПАЙДА БОЛАДЫ. СОНЫҢ ІШІНДЕ КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ ҚОЗҒАЛСА, ТАЗАЛЫҚ ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАТЫНЫ БӘРІМІЗГЕ АЯН. ӘРИНЕ, ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАУ АЛҒАН ТАЗАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ГҮЛДЕНУІНЕ КЕПІЛ БОЛАТЫНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС.
Үйінің, тұратын жерінің тазаболғанын кез келген адам қалайды.Тазалық – адамға керемет көңіл-күй сыйлайтыны белгілі. Мәселен, көше бойлап ауыл ішінде кетіп бара жатып, жан-жағыңа қараған кезде мұнтаздай таза болса керемет емес пе?! Ал қоқыс жатқанын көрсеңіз, көңіліңіз әп-сәтте бұзылады.
Көше жеке тұрғын үйлерден тұратыны белгілі. Сондықтан да әрбір тұрғын өз көшесінде қалтеткенде қолымызға құрал ұстап,қураған тікен шөптерден, арасына ілінген бос қалбырдан тазаласақ, тазалық сақтауды ішкі тұлғалық мәдениетіміздің айқын белгісі екенін ескерсек, санитарлық тазалықтыөзімізден бастау керектігін ұғамыз. Бұл елді мекендердегі сауда орын- дары мен қоғамдық тамақтану орындарына да қатысты. Тазалық талап ететін құқықтық орындардың
ескертуі мен айыппұлын күтіп отырмай, өз мерейімізді арттыру үшін неге жұмыс орнымыздың тазалығы менкелбетіне ескертусіз көңіл бөлмеске. Кейде көше бойлай орналасқан осы типтес ғимараттардың қас бетінің сиқы қашқанын немесе алақандай ауласынан арамшөппен аралас, қоқыс түрін көргенде «иесінің қоғамға көзқарасын қоя тұрып, өзінің қадірінің төмендегені ме» деп те қаласың. Қазіргі таңда ауылымыздың көше бойы арнайы қоқыс төгу ыдыстарымен жеткілікті қамтылған, тіпті жаяу жүргіншілер үшін 50 м сайын урналар қойылған. Алайда, кейбіртасалар, қазылған шұңқырлар, иесізғимараттар халықтың қоқыс тастайтын жеріне айналған. Тіпті тағам қалдықтары мен босаған ыдыстарды көше бойынан көруге болады.Кейбірінде қоқыс жәшігін талапқа сай қолдана да білмейтіндігіміз
қынжылтады. Тұрғындардың бәріне бірдей кінә тағудан аулақпын, бірақ түнделетіп қоқыстарын кез келген жерге тастап кете беретіні, кейде босаған пластикалық ыдыстар мен қалталарды отырған жеріне жәшікпен қойып кететінін көргенде іштей қынжыласың да тазалап тастауға мәжбүр боласың.
Ал, бұл көріністі қарттарымыздың жасамайтыны анық, себебі олар түнімен көшеде жүрмейтіні де белгілі.
Ауыл тазалығы жауапты бір мекеменің ғана емес, тұрғындардың да қолында. Сол мекемеге сеніп,арқаны кеңге салып отыра бермей, тазалыққа сіз бен біз де үлес қосқанымыз абзал. Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлықталап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Кейбіріміз аула тазалығы дегенді тек өз ауламның іші таза болса деп ұғынып, аула сыртына әріге шығарып қоя салғанды оңай көреміз. Ал, санитарлық талапта ауламыздың сыртынан айнала 5-10м
қашықта тазалықты сақтау сол үйге міндеттелгенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Тазалық ұғымы қоқыстарды жинаған жерде емес, шашпаған
жерде қалыптасады. Сондықтан әр адам керексіз затты тастар алдында ойлану керек. Ол ой «Осы істі дұрыс немесе бұрыс жасап жатырмын ба?», «Бұдан қоғамға зиян болмай ма?», «Адамдарға ауырлық туғызбай ма?» деген сұрақтарға негізделуі тиіс. Өйткені, сіз тастаған қоқыстар келесі бір адамның аяғына оратылып,
қоршаған ортаны ластауы мүмкін. Сонымен қатар жылдың жаңбырлы, аязды кездерінде, аптап ыстығынданеге сіз тастай салған қоқыстарды жинау үшін арнайы аула тазалықшысы жүру қажет. Сол себепті әрбір адамқажетсіз затты тастарда терең ойланып, ішкі мәдениеті мен пайым-парасаты алдында есеп бергені жөн. Көпшілікте « тазалық тек көктемгі, күзгі сенбіліктерде ғанажүргізіледі немесе күнделікті көшетазалықшысына жүктелген» дегенұғым қалыптасқан, бұл – мүлдем қате ұғым, мәдениетімізді төмендетеді. Өз мекеніміз – сіз бен біздің ортақ үйіміз. Ортақ үйіміздің тазалығы, санитарлықжағдайы бәрімізді алаңдатады. Сын айтып, мін теру әркімнің қолынан келеді. Ал, оны ретке келтіру, игі істерге уақытпен санаспай белсене атсалысу туған жерге деген сүйіспеншілігімізге, құрметімізге, түптеп келгенде, азаматтығымызға байланысты. Сондықтан да ауылымыздың әр тұрғыны «Жалпы тазалық жұмыстары алда да науқандық кезеңдермен шектелмей, әрбіріміздің күнделікті борышты ісімізге айналуы қажет» деген ортақ ұстаныммен жүрсек, өз туған жеріміздің келбеті арта түспек деген пікіріммен қорытындылаймын.
С.Ү. ҚАБАЗОВА,
аналар кеңесінің төрайымы