Қай кезеңде де қоғамның ілгерілеуі қарапайым еңбек адамынан басталады. Бүгінгі таңда ауданымыздағы құрылысшы, жүргізуші, дәнекерлеуші, шаруашылықтағы малшы, диқан, қызмет көрсету саласының мамандары – бәрі де туған жердің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген нағыз еңбек ерлері.
Жастармен жұмыс жасайтын қызметкер ретінде, біз үшін еңбек адамы – үлкен өнеге мектебі. Өйткені, жас ұрпақ тек кітаптан ғана емес, ауылдың әрбір еңбеккерінің өмір жолынан, маңдай терімен жасаған ісінен сабақ алады. Шын мәнінде, жұмысшы мамандық иесі – қарапайымдылығы мен табандылығы арқылы жастарға үлгі бола алатын тұлға.
Қазіргі заман жас мамандарды кәсіби бағыт-бағдар беруге, нақты кәсіпті меңгеруге үндейді. Біз, жастармен жұмыс саласының өкілдері, еңбек адамын дәріптеу арқылы жас буынды адалдыққа, төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеуді мақсат тұтамыз.
Сондықтан ауданымыздағы әрбір жұмысшының қолтаңбасы – ел дамуының кірпіші. Осындай аға буыннан үлгі алған жастардың болашағы жарқын боларына сенімдіміз.
Н.Бағытжанов
Махамбет аудандық Жастар орталығының
іс - шара үйлестіруші маманы