21 қараша күні Таңдай ауылы аумағындағы рұқсатсыз қоқыс төгілген аймақ қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен толықтай тазартылды. Іс-шара “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, ауыл экологиясын жақсартуға әрі қоршаған ортаны қорғауға бағытталды.
Жұмыс барысында:
-
✅ Қоқыс алаңы түгелдей тазартылды;
-
✅ Арнайы техника жұмылдырылды;
-
✅ Алдағы уақытта қоқыс қайта жиналмауы үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара ауылдың санитарлық жағдайын жақсартып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыруға өз үлесін қосты.
🌿 Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет!
Қоршаған ортаға бейжай қарамай, өз үлесімізді қосайық.

