Тартысты өткен турнир

Аудан әкімдігі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен жалпыұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, волейболдан 35-55 жас аралығындағы әйелдер арасында аудандық ашық турнир өтті.

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Аруев бұл спорттық жарыс қана емес, ауыл әйелдерінің спортқа деген ынтасын арттыруға, бірлік пен ұлттық құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды шара екеніне айта келіп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. 

Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен бәсекелі сайысқа 7 ауылдық округтен 8 команда қатысты. Атап айтсақ, «Махамбет», «Ақжайық», «Сарайшық», «Алға», «Бақсай», «Есбол», «Бейбарыс» сынды командалар арасында өрбіді.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша «Ақжайық» командасының қыздары айқын басымдықпен І орынға ие болды. ІІ орынды «Сарайшық» командасы қанжығасына байласа, ІІІ орынды «Алға» командасы жеңіп алды. Сондай ақ, «Сарайшық» командасының мүшесі Гүлмира Қойшұғылова «Үздік ойыншы» атанды. Жарыс қатысушыларын Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Гүлнәр Бекбаева дипломмен марапаттап, жеңімпаз командаларға кубок табыстады. 

Дүбірлі додаға комиссия мүшелері, аудандық Іскер әйелдер қауымдастығы, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер Нұргүл Тұманова, Ғалымбек Сүлейменов, Аманқұл Қоржымов, Роза Түсекеновалар демеушілік көрсетті. 

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521