Тарауих намазынан қалмауға тырысамын

Айлардың ішіндегі ең ізгісі Рамазан айында иісі мұсылманға 30 күн ораза тұту парыз етілген. Оразаның маңызы қаншалықты зор болса, осы айда оқылатын тарауих намазының да қадірі жоғары.

Өз басым жылма-жыл ауыз бекітемін. Шамам келгенше тарауих намазынан да қалмаймын. Тарауих намазын оқығанның қаншалықты сауабы бар екенiн көпшiлiк бiле бермейтiнi рас. Сондықтан да бұл жайында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) былай деп айтқан: Оразаның бiрiншi кешiнде тарауих намазын оқыған момын анасынан жаңа туылғандай күнәдан тазарады. Екiншi кешiнде егер ата-анасы мұсылман болса, олардың күнәлары кешiрiледi. Үшiншi кеште бiр перiште: “Ия, Аллаһ, қабыл еткiн амалын», деп жария етiп айтады. Яғни “Аллаһ тағала жасаған күнәларын кештi» деп айтады. Төртiншi кеште Таурат, Забур, Iнжiл және Құран Кәрiмнiң (оқығанның) сауабын табады. Бесiншi кеште Аллаһ тағала Қағба бөлмесiнiң iшiнде, Мәдина Мунаууараның және Мәсжид-Ақса мешiтiнде намаз оқығандай сауап бередi. Алтыншы кеште Байтул-Маъмурды тауап еткен кiсiнiң сауабындай сауап берiп және ол үшiн тастар мен құмдардың барлығы истиғфар айтады. Жетiншi кеште Мұса (а,с) Пайғамбарды табады және Мұса (а,с)-мен бiрге Ферғауын және Хаманға қарсы шыққандай сауапқа ие болады. Сегiзiншi кеште Аллаһ тағала Ибрахим (а.с) Пайғамбарға берген сауаптай сауап бередi. Тоғызыншы кешiнде Аллаһқа пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) құлшылық еткен болса, сондай ғибадат еткенмен тең болады. Оныншы кешiнде Аллаһ тағала дүние және ахыреттiң жақсылығын оған нәсiп етедi. Он бiрiншi кешiнде дүниеден анасының iшiнен жаңа туылғандай болып шығады. Он екiншi кеште қиямет күнiнде бетi он төрт күндiк айдай болып келедi. Он үшiншi кешiнде қиямет күнiнде барша жамандықтан саламат болады. Он төртiншi кеште ахыретте перiштелер келiп, “бұл кiсi тарауих намазын оқыған» деп куәлiк бередi. Аллаһ тағала осыдан кейiн есеп алмайды. Он бесiншi кешiнде перiштелер ол кiсiге салауаттар жiбередi. Он алтыншы кешiнде Аллаһ тағала тозақтан құтқарып, жәннатқа кiруiне куәлiк бередi. Он жетiншi кешiнде барлық пайғамбарлардың сауабындай сауап бередi. Он сегiзiншi кешiнде тарауих намазын оқыса, бiр перiште келiп: “Ей, Аллаһ тағаланың құлы. Әлбетте Аллаһ тағала саған разы және ата-анаңа да риза», – деп айтады. Он тоғызыншы Аллаһ тағала оған Фирдауси атты жәннатты сыйлап, оның мәртебесiн көтередi. Жиырмасыншы кешiнде қиямет күнi Аллаһ тағала шахидтердiң және жақсы салиқалы кiсiлердiң сауабын нәсiп етедi. Жиырма бiрiншi кешiнде Жәннаттан нұрдан жасалған үй сый етiледi. Жиырма екiншi кешiнде қиямет күнi барша уайым-қайғыдан аман болады. Жиырма үшiншi кешiнде Аллаһ тағала ол кiсiге Жәннаттан бiр шаһар дайындайды. Жиырма төртiншi кешiнде жиырма төрт дұғасын қабыл етедi. Жиырма бесiншi кешiнде оқыса, Аллаһ тағала ол кiсiнi қабiр азабынан құтқарады. 26. Жиырма алтыншы кешiнде Аллаһ тағала 40 жылдық ғибадаттың сауабын бередi. Жиырма жетiншi кешiнде тарауих намазын оқыса, қияметте сырат (қыл көпiрден) көпiрiнен құстай ұшырып өткiзедi. Жиырма сегiзiншi кешiнде Мекке – Мәдина шаһарына мың рет қажылықтың қабыл болған сауабын нәсiп етедi. Жиырма тоғызыншы кешiнде Аллаһ тағала “Ей, құлым, саған Жәннаттың алуан түрлi жемiстерiнен нәсiп болар және салсабил суына шомыл, кәусар суын мейiрiмiң қанғанша iшерсiң. Мен сенiң Жаратушыңмын, сен Менiң құлымсың», – деп айтқан екен. Сондықтан ораза мен тарауих намазының сауабынан құр қалмауға тырысайық.

Аққаным БЕКБАЕВА,

ауыл тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521